Экономика
Ресей санкциясының салдарынан түрік көкөніс-жеміс экспорттаушылары 150 млн доллар шығын шегеді
Ресеймен қарым-қатынастың шиеленісуі салдарынан түркиялық көкөніс пен жеміс экспорттаушылары 150 млн доллар көлемінде шығын шегеді, деп хабарлайды ТАСС.
Ресейге жеткізілмеуі себепті жолда шіріп кететін немесе бүлінетін көкөністердің салмағы шамамен 190 мың тонна. Бұл ақшалай есептегенде 150 млн долларды құрайды. Жүктер әзірге порттарда, шекара мен қоймаларда тұр. Түркия халықаралық жүк тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы Четин Нухоглудың пікірінше, Ресеймен шекарадағы жағдайдың шиеленісуі Ресейге ғана емес, Орталық Азияға бағыт алған жүктердің тоқтап қалуына себеп болып отыр. "Осы жағдайға байланысты каспийлік бағыт белсенді қолданылатын болады. Егер паромдар Каспий теңізі арқылы толық жұмыс істейтін болса, тасымалдаушылардың жол ақысы 30 пайызға арзандар еді", - дейді ол. Еске салайық, 24 қарашада түркия-сирия шекарасында ресейлік СУ-24 ұшағынығ атылып түсірілуі себепті Ресей мемлекеті Түркияға қарсы санкция жариялаған болатын. Сондай-ақ, 26 қарашадан бастап ресей Түркиядан келетін азық-түлік тауарларына қатаң бақылау жүргізіп жатыр. Фото: turkystan.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024