2015 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 12,3%-ды құрады, деп хабарлайды LS.
Азық-түлік тауарларының бағасы он бір ай ішінде 9,6%-ға, азық-түлік емес тауарлардың көлемі - 21,3%-ға, ақылы қызмет түрлері – 6,7%-ға артты.
Жыл басынан бері жеміс-жидек бағасы - 29,9%, күнбағыс майы – 27,7%, консервіленген көкөністер – 20,7%, қант – 19,6%, балық және теңіз өнімдері– 18,4%, алкогольсіз сусындар – 15,2%, ұн өнімдері – 14,6%, кондитерлік өнімдер – 13,9%, консервіленген сүт жәні қарақұмық жармалары – 13,1%, нан – 11,8%, жұмыртқа – 10,5%, макарон өнімдері – 9,1%,ет өнімдері – 8,5%-ға қымбаттаған.
Баға өсімі тоқыма өнімдерінде 33,8%-ды құрады. Киім, аяқ киім – 31,6%, әйнек және керамика – 31,3%, жиһаз және үйге қажетті тауарлар – 29,8%, фармацевтикалық өнімдер – 28,8%, кітаптар – 23,7%, тұрмыстық тауарлар – 22,2%, көлікке қатысты қосымшалар – 19,6%, автокөліктер – 18,1%, жеке тұтыну тауарлары – 16%. Мотор майларының бағасы - 33,1%, бензин – 6%-ға қымбаттады. Ал дизельдік жанармай 9,7%-ға арзандаған.
Кабелдік телеарна қызметтерінің бағасы - 50,9%, кешенді демалу орынары – 18,4%, денсаулық сақтау – 11,2%, қоғамдық тамақтану – 11%, мәдениет және ойын сауық орындары – 8,9%, сақтандыру – 7%, жеке қызмет көрсету және шаштараз қызметі – 6,4%-ға артты.
Тұрғын үй коммуналдық тарифтері: суық су - 12,7%, канализация – 10,3%, электроэнергия – 8,5%,ыстық су – 7%, орталық жылыту қоры – 5,1%-ға қымбаттады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы инфляция дәлізі 2015 жылы 6-8%-дан 8-10%-ға артқан болатын. Ал ЕАЭО елдері арасындағы инфляция 14% болды.
Фото: www.qazaquni.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024