Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланған ақша-несие саясаты жөніндегі отырысын өткізген жоқ. Бұл туралы ҰБ сайтында жазылды.
"Ағымдағы жағдайда Қазақстанның ақша нарығы өзінің негізгі рөлін атқарып отырған жоқ. Теңге өтімділігіне деген сұраныс пен ұсыныстың азаюы, ақша және валюта нарықтарында төрелік мәмілелер жүргізуінің сақталуы ақша нарығының құралдары бойынша нарықтағы пайыздық мөлшерлемелердің қалыптастыру мүмкіндігін шектеуде", - делінген банк хабарламасында. Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің іс-қимылдары қаржы нарығының сегменттері арасындағы бұрмалаушылықтарды жоюға, сондай-ақ нарықтық мөлшерлемелерге пайыздық дәліз шегінде қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін құралдарды қосымша бағалауға бағытталған. Фото: halyk-ipo.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024