Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі азық-түлік бағасы 10 пайызға өсті

Еліміздегі азық-түлік бағасы 10 пайызға өсті

2015 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2014 жылғы қарашамен салыстырғанда 10,8%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Статистика комитеті хабарлады. 

2015 жылғы қарашада 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға балық және теңіз өнімдеріне 19,7%, қантқа – 18,9%, жемістер мен көкөністерге – 18,8%, май және тоң майға – 17,7%, жармаларға – 15,8%-ға, тоқаш және ұн өнімдеріне, кофе, шай және какаоға – 15,1%-дан, кондитерлік өнімдерге – 14,3%, нанға – 13,1%, алкогольді ішімдіктерге – 12,9%, макарон өнімдеріне – 9,1%, ұнға – 7,8%, сүт өнімдеріне – 6,7%-ға өсті. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 2,8%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 8,7%, шошқа етіне – 3,9%, сиыр етіне – 2%, жылқы етіне – 0,9%-ға жоғары болды, ал құс етіне – 2,7%-ға төмен болды.

2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының орташа бағасы

ааааааааааааааааааааа

Ескерту: тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Астана, Алматы, Семей, Жезқазған қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.

Фото: khabar.kz 

Похожие материалы