Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан даму банкі исламдық қаржыландыруды дамытуды қолға алды

Қазақстан даму банкі исламдық қаржыландыруды дамытуды қолға алды

3 қараша күні "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы банк сайтында жарияланды.

Қаржы өнімі ҚДБ-ның еншілес компаниясы «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы енгізілетін болады. 

ҚДБ Қазақстанда мүлікті сатып алу және оны кейіннен жалға беруден тұратын исламдық қаржы өнімдерінің бірі – «Иджараны»дамытуды жоспарлауда. «Біз қаржы өнімдерінің қатарын кеңейтуді жоспарлап отырмыз және еншілес компания «ҚДБ-Лизингтің» қаржы лизингісіне ұқсас болғандықтан, «Иджара» ислам қаржыландыруын енгізуді мақсат етеміз. Біздің осындай жоспарларымызды жүзеге асыру барысында серпінді дамып келе жатқан БАӘ банктерінің бірі – «Al Hilal» Ислам банкінің» тәжірибесі мол», - деді ҚДБ басшысы Болат Жәмішев. Фото: today.kz  

Похожие материалы