Экономика
Ресей Түркиядан тауар алып келе жатқан қазақстандық жүк көліктерін өткізуге уәде берді
Ресей федералдық кеден қызметі Түркиядан тауар алып келе жатқан қазақстандық жүк көліктерді Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекарасы арқылы өткіземіз деп уәде берді. Бұл туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің жетекшісі Дәулет Ерғожин мәлімдеді.
"Ресей ФКҚ өкілдеріне Қазақстан жүк көліктерінің тізімі беріліп, оларды мемлекетке өткізу үшін шаралар қолдану туралы өтініш айтылды. Көліктер жақын арада кеденнен өткізілетінінін айтты", - деп жазды Д. Ерғожин сенбі күні Facebook парақшасында. Түркиядан тауар тиелген қазақстандық ондаған көліктер Ресейдің Украинамен шекарасындағы Троебортное және Крупец, Грузиямен шекарасындағы Верхний Ларс кеден бекеттерінде 25 қарашадан бері тұр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жүк көліктерінің біразы Ресейді айналып өтетін басқа бағытпен кетуді ұйғарған.
28 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Түркиядан тауар әкелуге шектеу қою туралы жарлыққа қол қойған. Анкара мен Мәскеудің арасы биыл 24 қарашада Түркияның әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң нашарлаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024