Экономика
Выбор редактора
ҚР Үкіметі "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" депозиттеріне өтемақы төлеу үшін 36 млрд теңге бөледі
ҚР Үкіметі 2016-2017 жылдары "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" (ТҮҚЖБ) клиенттерінің депозиттеріне өтемақы төлеу үшін 36 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі клиенттерінің салымдарына өтемақы төлеу үшін үкімет резервінен 2016 жылы 20,9 млрд теңге, 2017 жылы 16 млрд теңге бөлінеді", - деді Ерболат Досаев сейсенбі күнгі Үкімет отырысында. Осыған дейін "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттер үшін өтемақы төлеуді жоспарлап отырғаны хабарланған еді. ТҮҚЖБ мәліметіне сәйкес, 1 млн теңгеге дейінгі депозит үшін өтемақы төлеу бойынша жалпы сомасы 66 млрд теңгені құрайтын 435 мың келісім тіркелген. Ал 1 млн-нан жоғары депозит үшін жалпы сомасы 114 млрд теңге болатын 57 мың келісім болған. Банктің өтемақы сомасы - 40 млрд теңге, оның 24 млрд теңгесін банк жеке қаржысынан төлеуді жоспарлап отыр. Фото: tengrinews.kzПохожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





