Экономика
Ә.Исекешов шетелдік инвесторларды инвестициялық белсендігі үшін марапаттады
Астанада ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешовтың қатысуымен шетелдік инвесторларды Қазақстандағы инвестициялық белсендігі үшін марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясының порталы хабарлады.
«Бүгін 10 инвестор марапатталады, олар ағымдағы жылы өздерінің инвестициялық белсенділігін көрсете білді. Елбасы Жолдауда инвестициялық саясатты белсендірек жүргізуді тапсырды. Қазақстан инвестицияларға мүдделі және біз инвестициялық жұмыстарды жүргізуді жалғыстырамыз. Біз бірінші сараптаманы жүргіздік. 12 ұсынысты жүзеге асырдық, енді 2 сараптама бойынша жұмыс істеудеміз. Жақын арада ЭЫДҰ-ның инвестициялар бойынша комитетінің мүшесі боламыз деген үміттеміз», - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.
Қайта инвестициялау бойынша өздерінің инвестициялық белсенділігін көрсеткен түркиялық компаниялар - BTM Group, «Coca-Cola Icecek A.S.», жапониялық компания - Toyota Trusho Corporation, оңтүстік кореялық компания Lotte Group, франциялық Danone компаниясы марапатталды.
Ал, жалпы инвестициялық белсенділігі үшін түркиялық компаниялар Daedong Industrial Co., LTD, Abdi Ibrahim, америкалық компания Halliburton International Gmbh, фин компаниясы Tikkurila және австралиялық-британиялық концерн Rio Tinto Mining and Exploration Ltd марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан одан ары инвесторлармен жұмыс істеуді жалғастыратынын әрі Қазақстан инвесторлар үшін үздік аймаққа айналғанын министр атап өтті.
«Бізде 10 инвестор, олардың 5 жаңасы, 5 жұмыс істеп жатқан инвесторлар. Біз үшін жұмыс істеп жатқан инвесторлар өзін қолайлы сезінгені өте маңызды және осы бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деп түйді Ә. Исекешев.
Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылдан бастап 2015 жыл аралығында Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 215 млрд долларды құраған.
Фото:strategy2050.kz