Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары ауысты

"Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары ауысты

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Төлеміс Шортанов  тағайындалды. Бұл туралы ҰКП сайтында хабарланды.

Бұған дейін аталған қызметті Гүлнар Құрбанбаева атқарған болатын. Төлеміс Шортанов алдағы уақытта аймақтардың дамуы мәселелерімен айналысатын болады. «Ол бұрын Палатаның ақтөбелік дирекциясына басшылық еткен болатын, кейін өңірлік даму департаменінің басқарушы директоры – директор лауазымында болды. Сондықтан да оған өңірлер түйткілдері жақсы таныс», - деді Тимур Құлыбаев. Төралқа мүшелері Төлеміс Шотановтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Сондай-ақ,  Алматы облысы кәсіпкерлер палатасында да өзгерістерболды. Онда ӨКП өңірлік кеңесінің жаңа төрағасы болып Римма Салықова сайланды. Фото: palata.kz

Похожие материалы