Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - 2020 жылдан бастап Қазақстан жобалаудың еуропалық стандарттарына (еурокод) өтеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жауапты мемлекеттік объектілерді құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын (ҚОАМТ) қолдана отырып салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазҚСҒЗИ баспасөз қызметі хабарлайды.
Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмасы бойынша, 2017 жылдың тамызынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде құрылыс саласына еурокодтар мен ҚОАМТ пайдалана отырып, жаңа нормативтік-техникалық базаны енгізу мәселелері бойынша кіріспе дәрістері өткізіліп жатыр.
Құрылыс саласының жаңа стандарттарын уақтылы енгізу үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында жаңа стандарттар бойынша жұмыс істейтін құрылыс саласының мамандарын даярлаумен айналысатын Корпоративтік университет құрылды.
Қазіргі уақытта 300-ге жуық құрылыс ұйымдарының қызметкерлері оқудан өтті.
Қазіргі уақытта Алматы, Астана, Қарағанды қалаларындағы, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы құрылыс компанияларының мамандары оқудан өтті.