АҚШ-тың Федералды резервті жүйесі (ФРЖ) 15-16 желтоқсандағы отырысында федералды несие қаржысының пайыздық мөлшерлемесін 0,25-0,50% деңгейіне дейін көтерді. Бұл туралы Ашық нарық бойынша федералды комитет (FOMC) таратқан хабарламада жазылған. Шешім бірауыздан қабылданған.
Осыған дейін базалық мөлшерлеме ең төменгі 0-0,25% деңгейінде тұрған еді. 2008 жылы мөлшерлеме 7 есе төмендеді. Соңғы рет 2006 жылдың маусымында көтерілген. Алдағы уақытта Федералды жүйе мөлшерлемені жоғарылату ырғағын анықтау үшін инфляция деңгейін де бақылап отырмақ. Бірақ америкалық Орталық банк АҚШ-тың экономикалық өсімі жоғарылап, болашақта таргеттелген жылдық 2% деген деңгейге жететіндігіне сенімді. Қазіргі жағдайды есептегенде, мөлшерлеме кезең-кезеңімен көтеріліп отырмақ. ФРЖ басшыларының болжамы бойынша, 2016 жылы мөлшерлеме 4 рет көтеріліп, 2017-2018 жылдары ақша-несие саясаты қатаңдай түспек. Базалық пайыздық мөлшерлемені тұрақтандыру мақсатында ФРЖ АҚШ-қа 2 трлн доллар көлеміндегі мемлекеттік облигация бөлді. Қазір АҚШ-тың қор нарығы күшейе түсуде. Мөлшерлеменің көтерілуі АҚШ-тың кейбір банктеріне тез әсер етті. Wells Fargo несиелендіру құнын көтеріп, депозит мөлшерлемесін өз деңгейінде қалдырды. Базалық мөлшерлеме өзгергеннен кейін ФРЖ мен Нью-Йорктың Федералды резервті банкі аталған өзгеріске қатысты мәлімдемелерін жариялады. "FOMC-тың қазандағы отырысынан кейін алынған ақпарат белсенділіктің өсіп жатқандығын көрсетеді. Тұтынушылық шығындар мен компания инвестициялары тұрақты түрде ұлғайып отыр, тұрғын-үй секторы да жақсара түсуде. Алайда нетто-экспорт әлсіз болды",-деп жазылған ФРЖ мәлімдемесінде. "Жақында жарияланған еңбек нарығы индикаторларының мәліметі бойынша, жұмыс орындары ұлғайып, жұмыссыздық азаюда. Қазіргі кезде АҚШ-тағы жұмыс күші нарығы позитив түрде бағалануда",-делінген құжатта. Ал Нью-Йорктың Федералды резервті банкі осы жылы инфляция орташа перспективада 2%-ға дейін күшейеді деп есептеуге барлық негіз бар деп есептейді. "Комитеттің базалық мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл жерде экономикалық болжамды және ақша-несие саясатының экономикаға ықпал ететіндігі ескерілуі қажет",-деп жазады Федералды банк. "Комитет облигациялар мен несие қағаздарынан келетін түсімдерді қайта инвестициялау саясатын және төлемі өтелуі тиісті қазыналық құнды қағаздардың мерзімін ұзартуды сақтап қалады. Пайыздық мөлшерлеме тұрақтанғанға дейін бұл жалғаса береді. Аталған саясат қаржылық жағдайдың дамуын қамтамасыз етуі қажет",-деп есептейді ФРЖ. ФРЖ-ның келесі отырысы 2016 жылдың 15-16 желтоқсанында өтеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024