АҚШ Президенті Барак Обама 1,1 трлн. доллар көлеміндегі бюджет жобасына қол қойды. Осыған байланысты АҚШ аумағында шикі мұнай экспортына 40 жыл бойы салынып келген тыйым алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Бұған дейін бюджет жобасын АҚШ Конгресі мақұлдаған болатын. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Барак Обама мұнайды экспорттауға тыйым салуға қарсы еді. Алайда қабылданған заң жобасында президент үшін осыған ұқсас тыйымды бір жылдық мерзімге қайта енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ бұл екі жағдайда ғана - елде төтенше жағдайдың енгізілуі немесе отынның тапшылығы мен бензиннің өсіп жатқан бағаларының АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған болса ғана іске асырылуы мүмкін. Фото: еjnews.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024