Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі артады

2016 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі артады

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемі 9%-ға, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылатын болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылғы 29 тамыздағы Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, тұтыну бағасының индексі 6-8%-ды құрады. Сол себепті келесі жылдың қаңтар айынан бастап ынтымақты зейнетақы төлемінің мөлшері 9%-ға артатын болады (7% - инфляцияның орташа деңгейі және 2% - ілгерілеу). Сонымен қатар, базалық зейнетақы төлемі «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен 11 965 теңге көлемінде белгіленді, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге болды. Осылайша, 2016 жылы зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері (ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақыны қосқанда) 37 789 теңге болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 7%-ға ұлғаятын болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25%-ға өседі. Еңбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң көлемі 7%-ға артатын болады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес 1,9 млн-ға жуық зейнеткерлер бар, сондай-ақ, шамамен 664,6 мың азамат жәрдемақы алып келеді. Фото:altaynews.kz

Похожие материалы