Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мексикандық миллиардер бір жылда 20 млрд долларынан айырылды

Мексикандық миллиардер бір жылда 20 млрд долларынан айырылды

Әлемдегі ең бай адамдардың бестігіне кіретін мексикандық Карлос Слим бір жыл ішінде 20 млрд долларынан айырылды. Бұл шамамен Гондурас мемлекетінің экономикасына тең деп жазады РБК.

Мексикалық билік миллиардерден нарықтағы басқа қатысушылармен инфрақұрылымды бөлісуін талап етуіне байланысты Карлос Слимнің активі болған America Movil SAB телекоммуникациялық компаниясы Мексика нарығындағы үстемдігін жоғалтты. 2015 жылдың басынан оның акциялары 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке түскен. Сондай-ақ, Macquarie Securities USA Inc.-тің сарапшысы Кевин Смитен America Movil SAB-қа қызығушылық танытып отырған инвесторлардың жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, акция бағаларын көтеру үшін К.Слим Еуропадағы бизнесін кеңейтуге бұлтартпайтын стратегия құруы керек немесе Бразилиядағы айналымының жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеуі қажет. Еcтеріңізге сала кетейік, Forbes рейтингі бойынша, К.Слимнің 2015 жылғы табысы 77,1 млрд доллар болған. Осылайша ол екі жыл қатарынан Microsoft -тың негізін қалаушысы Билл Геитстан кейінгі екінші орынды иеленіп келді. Билл Геитстің табысы - 79,2 млрд доллар. Ал үштікке кіретін Уоррен Баффеттің табысы - 72,7 млрд доллар. Фото:kapital.kz

Похожие материалы