ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқаратын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қ. Келімбетовты жаңа қызметке тағайындау туралы қаулыға Мемлекет басшысы қол қойды. "Мемлекет басшысының қаулысымен Келімбетов Қайрат Нематұлы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қайрат Келімбетовтың Астанадағы халықаралық қаржы орталығын құру бойынша мелмекеттік органдарға кеңесші болатыны туралы хабарланған болтын.
Қ. Келімбетов Ұлттық банктің төрағасы қызметінен 2 қарашада кетті. Ол 2013 жылдың 1 қазанынан бастап бас банкир қызметіне тағайындалған болатын. Әр жылдарда премьер-министрдің орынбасары, сауда және экономикалық даму министрі қызметтерін атқарды. 2008-2011 жылдары "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның басқарма төрағасы болды.
Фото: ank.kz
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





