Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Жұлдыздар шайқасы" киносагасы 12 күнде 1 млрд доллар жинады

"Жұлдыздар шайқасы" киносагасы 12 күнде 1 млрд доллар жинады

"Жұлдыздар шайқасы" киносагасының кассалық жинағы 1 млрд долларға жетті. Фильм 12 күн аралығында осындай сома жинап, әлемдік прокатта жаңа рекорд орнатты, деп жазады ВВС.

"Жұлдыздар шайқасының" картинасы бұған дейінде жаңа рекордтар орнатқан болатын. Фильм Рождество мерекесінде 49,3 мин доллар, одан кейінгі сатылымда 153,5 млн доллар жинаған.

«Осы фильмге байланысты сәтті шыққан картиналардың рейтингін жазып отыруға тура келеді", - деді Rentrak компаниясы кинокартиналардың касса жинағы бойынша баспасөз сарапшысы Пол Дергарабедян.

Ал Universal компаниясының "Юра дәуірінің паркі" фильмі 13 күнде 1 млрд доллар жинаған. Кинофильмнің ең көп билеттер сатылымы Қытайда тіркелген.

Қазіргі таңда кино тарихында сәтті шыққан Джеймс Кэмеронның «Аватар» (2009 жылғы көрсетілімде 2,79 млрд доллар жинады) және «Титаник» ( 1997 жыл 2,19 млрд доллар) кинокартиналары бар.

"Жұлдыздар шайқасы" киноэпопеясы алғаш рет 1977 жылы халық назарыныа ұсынылып, ең көп қаржы жинаған фильмдердің бірі болды.

Похожие материалы