Экономика
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің жинақтарына өтемақы төлеу үшін 20,9 млрд теңге бөледі
2016 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің барлық жинақтарына Үкімет қорынан өтемақы төлеу үшін 20,9 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Дағдарысқа қарсы жоспар жөніндегі Үкімет сағаты барысында. Бұл туралы ҚР премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің барлық жинақтарына өтемақы төлеу үшін Үкімет қорынан 2016 жылы 20,9 млрд теңге және 2017 жылы 16 млрд теңге бөлінеді», - деді Е.Досаев.
Ол халыққа тұрғын үй қолжетімділігі деңгейін арттыру үшін 2016-2018 жылдары ауданы 817 мың шаршы метр арендалық тұрғын үй немесе 13,6 мың пәтер салу және сатып алу қамтамасыз етілетінін айтып өтті.
Тұрғын үй құрылысында үлескерлік салымдарды кепілдеу Қорын құру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын 10 млрд теңгеге арттыру қарастырылған.
Бұдан өзге, ведомство басшысының мәліметінше, бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетігі арқылы елімізде 298 км жылу және сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, жөндеуден өтеді.
Фото: kaz.tengrinews.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024