Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп деген. Өкпенің қаншалықты бар-жоғын білмейміз, халықтың жақсылықтан үмітті екені бесенеден белгілі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 2016 жыл еліміз үшін қандай сыйлар дайындап отыр?
Мемлекеттік бағдарламалардың мойындарына алып отырған жүктері өте ауыр. Себебі, жағдай жақсы болады деген үмітті туындатып отырғандар да осылар. Бір ғана "Нұрлы Жолдың" өзі келер жылы 95 мың жаңа жұмыс орнын ашып, апатты жағдайда тұрған және үш ауысымда оқытатын мектептер санын 80 пайызға қысқартамыз деген уәде беріп отыр. Сонымен бірге, Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде базалық инфрақұрылым сапасы бойынша 60 орынға алға жылжыту да жоспарда бар. Мемлекеттік бағдарламалардан тыс өмірдің халі қандай? Атап айтсақ, 2016 жылдан бастап:
Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесі қосылады
Келер жылдан бастап қызметкерлер біліктілігіне байланысты ақы алатын болады. Дәрігерлер жалақысына 7-28%, мұғалімдер 15-29%, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және т.б мекеме қызметкерлері 15-40% аралығында қосып алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер ақысы 30%-ға көтеріледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл шараға бюджеттік шығындардың есебінен қаржы бөлінбек.
Нан бағасының белгілену тәртібі өзгереді
Әлеуметтік нан бағасы нарық тетіктеріне байланысты қалыптасатын болады. Үкімет теңге мен жанармай бағасының соңынан нан бағасын да "еркін айналымға" жіберген еді. Ауыл шаруашылық министрлігі жаңа жылдан бастап тиімсіз субсидиялардан толықтай бас тартамыз деген болатын. Себебі, аталған субсидиялардан әлеуметтік жағдайы нашар жандардан гөрі "қалталы азаматтарға" көбірек пайда келетін көрінеді. Ведомство басшысы Асылжан Мамытбековтың айтуынша, үнемдеуден түскен қаражат қажетті техникалық жабдықтар алуға жұмсалады.
Жанар-жағар май тапшылығы болмайды
2016 жылы көптен күткен оқиға орын алады деп күтілуде. Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту ісі аяқталады. Шенеуніктер осыдан соң еліміз жанармайдан, дизель және реактивті отыннан тапшылық сезбейді деп уәде етіп отыр. Төмен экологиялық сападағы С классты отын түріне Қазақстанда тыйым салынады. Және алдағы жылы барлық мұнай базаларына арнайы бақылау жабдықтары орнатылмақ. Осылайша, облыстық уәкілетті органдарына отынның сапасы және көлемі жөнінде ақпарат лезде барып отыратын болады.
ЕАЭО елдері ішінде дәрі-дәрмектің ортақ нарығы пайда болады
Дәрі-дәрмектерге (соның ішінде, ЕАЭО-на мүше елдерде жасалатын) бірыңғай келісімді талаптар қойылмақ. Бұл тұтынушыларға жақсы әсер етеді. Яғни, дәрілердің түр-түрі пайда болып, сапасы тексерілген препараттар қолданатын болады.
Нөмірді ауыстырмастан операторды таңдау еркі беріледі
Яғни, ұялы байланыс операторын қалауыңызша таңдап, осыған дейінгі нөміріңізді сақтап қала аласыз. Мұндай шара бәсекелестікті арттыруға көмектеседі. Себебі, қазіргі абоненттерді сақтап қалу үшін операторлар барын салатын болады. Қосымша СИМ-карталар ұстаудың қажеттілігі жоғалған соң, ұялы байланыс қызметтерінің бағасы да арзандайды. Егер аталған шараны ұялы байланыс операторлары желілерінде жасаудан бас тартса, жауапкершілікке тартылады деп Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті ескерту жасаған болатын.
Сондай-ақ, 2016 жылы:
Зейнеткерлер жинақтарын енді Ұлттық банк бақыламайтын болады. Бақылау Ұлттық банктен шығып, жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына беріледі. Мемлекет зейнеткерлік активтердің табыстылығын арттыру үшін барын салатыны сөзсіз.
Республика азаматтары әлі де қаржысы мен мүліктерін заңдастыра алатынын есіңізге сала кетейік. Үкімет осындай ниеттілерге қосымша мүмкіндіктер ашып, заңдастыру қатысушысының жеке бас құпиялылығын сақтауға кепілдік береді.
Мешін жылы шәкіртақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 25%-ға артады.
2016 жылы сіздің есіңізде жүруі тиіс тағы бір нәрсе - қалтаңыздағы ақшаның жарамдылық мерзімі. Алдағы жылдың 3 қазанынан бастап 2006 жылы шығарылған 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноталар айналымнан шығарылады. Жылдың соңына дейін банктер жеке және заңды тұлғалардан аталған номиналды банкноталарды қабылдап, айырбастап беруге міндетті.
Еліміздің барлық облыстарында тек қана отандық өнімнен тұратын жалпы саны 22 супермаркет ашылады. Жоба жетекшілерінің сөзіне сүйенсек, тұрғындар үшін қолжетімді баға, экологиялық таза өнімдер ұсынылатын болады.
Темекі бұйымдары қымбаттай түседі. 1 қаңтардан бастап фильтрлі 20 темекінің бағасы минимум 240 теңге болмақ. 2015 жылы ең арзан темекінің құны 200 теңге болған еді.
Шетелдіктер мемлекеттік органдарға жұмысқа тұра алатын болады. Яғни, Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінен шетелдік азаматтарды көрсеңіз, таң қалмаңыз. Олармен арада еңбек шарттары жасалып, белгілі міндеттемелер қойылады.
ЕАЭО елдерінің жаңа Кедендік кодексіне сәйкес, кеденде рәсімдеу жұмыстары толықтай электронды форматқа көшіріледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен кедендік рәсімдеушілер арасында ешқандай байланыс болмайды.
Дереккөз: Vlast
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "7kun.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;eТэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024