Экономика
Жекешелендіру аясында облыстардың бюджеті 2 млн 922 мың теңгеге толықты
Жекешелендіру аясында облыстық бюджеттер 2 922 млн теңгеге толықты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
"2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 831 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 490 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 28 желтоқсандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 424 объекті шығарылып, оның ішінде 235 объекті, яғни республикалық меншік бойынша - 12, коммуналдық меншік бойынша - 112, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша - 61, холдингтер бойынша - 50 нысан сатылды", - делінген хабарламада.
Сонымен, қаражат республикалық бюджетке 4 949 млн теңге, облыстар бюджетіне 2 922 млн теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 964 млн теңге түрінде таратылды.