1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мен АЕК көлемі өзгерді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашасында қол қойған "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда жазылған деп хабарлайды Учет.kz сайты.
"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы мен басқа да төлемдерді, айыппұл санкциялары мен салықты есептеу үшін бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2121 теңге деп белгіленуі қажет",-делінген құжатта. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 22 859 теңге деп белгіленді. "2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 22 859 теңге көлемінде белгіленуі қажет",-деп жазылған бұл туралы құжатта. Еске салайық, 2015 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 21 364 теңгені, ал АЕК 1982 теңгені құраған еді.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





