Экономика
Выбор редактора
AllurGroup автокөлік өндірісінің тоқтайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстандық AllurGroup автоөндіруші компаниясы "СарыарқаАвтоПром" зауытындағы автокөлік өндірісін тоқтатпайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Жыл сайынғы тығыз жұмыс кестесі мен зауыттағы жұмыстың көптігіне байланысты желтоқсан айында компания жетекшілігі қызметкерлердің қысқы демалысын 10-15 қаңтарға дейін ұзартады. Жоспарланған демалыс күндері зауыттың өндіріс ісіне еш әсер етпейді", - деп түсіндірді компания басшылығы.
АllurGroup 2016 жылы өндіріс көлемін 40%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Бұл JAC автокөлігін J5, S3, S5, J6 және M5 түрлерімен толықтыруға, сондай-ақ, JAC коммерциялық техникасының Jac Dumper, Jac Mixer пен JAC Ankai түрлерін шығаруға мүмкіндік береді және жаңа брендтердің өндірісі басталады. 2015 жылы аталған компания жергілікті автокөлік өндірісін 11 ай ішінде 19%-дан 39%-ға дейін арттырды.
Фото: millioner.kz