Экономика
"Ұлттық чемпиондар" атанған компаниялар инвестицияны 750 млн долларға арттыруды қамтамасыз етеді
"Ұлттық чемпиондар" атанған компаниялар 2019-2020 жылдары инвестиция көлемін 750 млн долларға арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтты.
"Ұлттық чемпиондар», яғни 32 компания 2019-2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестицияларды шамамен 750 млн доллар көлемінде өсіруді, шамамен 15 мың жұмыс орнын құруды, еңбек өнімділігін 30-50 %-ға арттыруды және шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімін 260 млн долларға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді", - деп жазды Мемлекет басшысы аталған мақалада.
Еске сала кетейік, «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы - экономикалық өсімнің жаңа бастауын қалыптастыру мен қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолға алынған. Оған қатысушы компаниялар арнайы талаптар негізінде іріктеледі. Бұлар негізінен импорт алмастыруға бағыт ұстанған өндіріс секторының аса перспективалы компаниялар.
Фото: forbes.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024