Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 25,6%-ға қысқарды. Еуразиялық экономикалық комиссия осындай мәлімет жариялады деп жазады LS.
2015 жылдың қаңтар-қазан айында Ресей мен Қазақстан бір біріне 12,8 млрд доллар көлемінде тауар сатқан. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 17,2 млрд долларға тең еді. Осылайша екі елдің сауда айналымы 4,4 млрд долларға немесе 25,6%-ға қысқарып отыр.
Алайда аталған көрстекіш Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасында болған ең төменгі сауда айналымы деуге болмайды. Мысалы Қазақстан-Белорусь арасындағы сауда көлемі 2015 жылдың қаңтар-қазан айында 736,1 млн доллардан $512,6 млн-ға дейін (-30,4%) азайған.
Сондай-ақ, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы динамика 2015 жылы 28,6%-ға төмендеп, 2014 жылмен салыстырғанда 911,7 млн доллардан $650,8 млн-ға түскен. Ал Армениямен сауда көлемі 15%-ға азайды.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 2015 жылы 38 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 26,5%-ға кеміді.
Фото: liter.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024