Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Оңай" жүйесі іске қосылғаннан бері жарты миллион карта сатылған

"Оңай" жүйесі іске қосылғаннан бері жарты миллион карта сатылған

2015 жылы жолақысын төлеудің жаңа жүйесі арқылы 231,23 млн теңге, қаңтардың алғашқы декадасында 67,3 млн теңге жүзеге асырылған деп хабарлайды Алматы транспорт холдингі. "Оңай" жүйесі іске қосылғаннан бері Алматының қоғамдық траспортында 560 827 мың карта сатылған. 

Олардың ішінде 346 741 - жеңілдетілген, 214 086 - бірыңғай транспорт карталары. Холдингтің атап өтуінше, 18 қаңтардан бастап қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге қатысты тексерістер жүргізіледі. Заң бұзғандарға 2 АЕК немесе 4 242 теңге айыппұл салынады. Ал жүргізушілерге қателіктері үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" ҚР Кодексінің 623 бабындағы 9 пунктіне сәйкес "Жолаушыларды билетсіз тасымалдаған" деген бап бойынша 5 АЕК немесе 10 605 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлем жасау жүйесі 2015 жылдың қазанында енгізілді. 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап қолма-қол ақшамен төлем жасау заңсыз болып табылады. Фото:voxpopuli.kz

Похожие материалы