«Кселл» және «E-event» компаниялары бірлесіп жүзеге асырған «Digital Life» жобасы Қазақстанның 16 қаласында студенттерден бастап зейнеткерлерге дейін барлық әлеуметтік топтарды қамтып, 150-ден астам тренинг, акция және мастер-класстар өткізді.
«Ұялы интернет қазақстандықтардың арасында жиі қолданысқа түсті. Тіпті Жаңа жыл түні біз құтықтауларды смартфоннан мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы жібергенді жөн көреміз. Смартфондардың күнделікті өмірде қолданысы өсіп барады. Алайда, бұған қарамастан, ұялы байланыстың көптеген тұтынушылары ұялы телефондардың көнерген модельдерімен қолданады. Бұндай жағдай оларды өздігінше «сандық белесте» ұстайды. Сондықтанда «DigitalLife» жобасының мақсаты – бұл белесті қысқартып, барлық жігерлілерге смартфондар мен ұялы қосымшалар ұсынған жеке және кәсіби дамуына керемет мүмкіндіктерге көз ашады.Біздің жоба қатысушыларға ұнағанына өте қуаныштымыз. Бұл тренингтер қатысушылардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, бұрынғыдан да қызықты әрі жарқын етеді деген үміттеміз» - деді, «Кселл» АҚ-ның байланыс бөлімшесінің басшысы Наталья Еськова. DigitalLife «Аташки, апашки и смартфон» жобасы аясында 50 жастан асқан 60 адамды смартфонмен қолдануды үйретті. Бұл жоба Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларында өтті. Жобаның басты мақсаты 50-ден асқан зейнеткерлерді смартфонмен қолдануды үйретіп, барлық пайдалы қосымшалардың артықшылықтарымен таныстырды. Арнайы курстың аяғына таман, ден-саулыққа арналған және бос уақытта шұғылданатын кино, шахмат, танысу желісі сияқты қосымшалармен қолдануды үйретті. Жоба 2015 жылдың маусым – желтоқсан айларында жүзеге асты. «Digital Life» жобасының мақсаты смартфондар мен мобильді қосымшалар туралы халықтың сауатын арттыру болды. Студенттерден бастап зейнеткерлерге дейін барлық әлеуметтік топтарды қамтыған 150-ден астам тренинг, акция және мастер-класстар Қазақстанның 16 қаласында өткізілді. Тренингтерді 4 мыңнан астам қатысушы тыңдады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024