Мұнай бағасы арзандаған үстіне арзандап, теңге бағамы тұңғиыққа түсіп барады. Дегенмен, дағдарыстың өтпелі құбылыс екендігі рас. Ал қоғамдағы баспаналы болу мәселесі қай кезде болмасын өзекті. Бүгінде қалай баспаналы болу керек? Тиімді әрі оңай әдістері қандай? 7kun.kz тұрғын-үйдің қаншалықты қолжетімді болатынын сарапқа салады.
"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасына біршама жағымды өзгерістер енізілді. 2015 жылы Ұлттық қордан 180 млрд теңге бөлінген. Осы қаржыға 2 млн 806 мың шаршы метр тұрғын-үй қолданысқа берілді. Осы бағдарламаның шеңберінде жеңілдікке ие адамдар, жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар мен осыған дейін 2008-2010 жылдары кезекке тұрып, үй ала алмағандардың өтініші бірінші ретте қаралады. Ендеше, қалай баспаналы болуға болады?- "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы барлық тұрғындар ала алады;
- "Қазақстан Ипотекалық компаниясы" АҚ арқылы: кейін сатып алатын және сатып алмайтын жалдамалы тұрғын үй алуға болады;
- "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры АҚ арқылы;
Жеңілдікке ие болмасам ше?
Жоғарыдағы санатқа жататындар мемлекет бекіткен бағамен үй ала алады. Бірақ, тізімде сіз болмасаңыз, бұл баспанасыз қаласыз дегенді білдірмейді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қолжетімді баспана-2020" өңірлерді дамыту бағдарламасына қосылды. Елбасының жолдауында жалға берілетін баспаналарды сатып алу мүмкіндігі көбейтіледі делінген. Яғни, бағдарламаның операторы саналатын компания өзінің және мемлекеттің қаржысына тұрғын-үй құрылысын салуға жауапты болады. Үй дайын болған соң, кейін сатып алуға болатындай шарттарда жалға беріледі. Осы жолы қосылған өзгерістер алдын-ала құнын төлемейсіз және жалға алу мерзімі ұзартылды. Алматы, Астана қалаларында баспана бағасы 1 шаршы метріне 180-185 мың теңге, облыстарда - 150 мың теңгенің шамасында.Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі не ұсынады?
"Қолжетімді баспана-2020" өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағытымен үй береді. Бұл бағыт бойынша қатысу үшін жас отбасының балалары болып, некеде тұрғандарына кем дегенде екі жыл болулары шарт. Алматы және Астана қалаларынан баспана аламын деушілер аталған жерлерде тіркеуде тұрғандарына 2 жылдан аз уақыт болмауы тиіс. 2015 жылы Алматы қаласында 900 жас отбасынан өтініштер қабылданған. Шарт бойынша, үміткер банкте ақша жинап жатқанына 3 жылдан асып, есепшотта үйдің жарты бағасын жинауы тиіс. Бұл бағытта бастысы - балл жинау. "5 "аламын дегендер, бағдарлама шартын айна-қатесіз орындағандар. Яғни, салымшы бірінші жылы банкке 1000 теңге салып, үш жылдан кейін бірден 1 млн теңге құятын болса, оның баллы аз болады. Сәйкесінше, аз-аздан болса да, тұрақты салып тұрған "адал" қатысушылардың жұлдызы жоғарырақ. Үйдің жарты бағасын жинап болсаңыз, қалған жартысын банктен қарызға аласыз. Оны жылы 5 пайыз мөлшерлемемен 6-15 жыл мерзімге алуға болады. 2015 жылы Алматы қаласында аталған бағыт бойынша 504 жас отбасына пәтерлі болып, жалпы көлемі 5 478,2 шаршы метр баспана берілген. 2016 жылы 400 пәтер беріледі деп жоспарланып отыр дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Дәл осы жас отбасыларға арналған бағыт көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Арзандығымен қоса, үйдің құнын баспана алғаннан кейін жинап, өтеп беруге болады. Бірақ, бір "әттеген-айы" - екі-үш бөлмелі пәтерлер санының аздығы. Үй берілер сәтте табыс көлемі, адам саны есепке алынады. Десе де, қаржылық жағдайы көтерсе де, 1 бөлмелі ғана үй берді деп наразылық білдіріп жатқандар да бар. Осы ретте адам саны есепке алынады. Сондай-ақ, егер отбасында 2 қыз бала болса, 2 бөлмелі, ал 1 ұл және 1 қыз болса, онда 3 бөлмелі пәтер берілуі мүмкін. Немесе, отбасында адам саны көп болғанымен, қаражаты жеткілісіз болса - аумағы кіші пәтерге ие болады. Қалай дегенмен, соңында шүкір етіп, бір бөлмелінің өзі қандай деп сабаларына түседі. Кейін сатып алуға болатын жалдамалы үй Кейін сатып алатын жалдамалы үйлер бағасы жеңілдігі барлар үшін бір шаршы метріне 1110 теңге. Қазақстанның Ипотекалық компаниясында басқа қатысушылар үшін шаршы метрі 2250 теңге шамасында. Бірақ, жалға алушының ай сайынғы табысы 250-300 мыңнан кем болмауы тиіс. Айтқанымыздай, жалдамалы тұрғын-үйді Қазақстанның кез келген азаматы ала алады. Бар болғаны жалақыңыздың мөлшерін көрсету және соңғы жұмыс орныңызда қызмет етіп жатқаныңызға 6 айдан көп уақыт болуы шарт. Кейін сатып алатын жалдамалы үй аларда кепілдік ретінде алты айлық төлемді алдын-ала жасауыңыз қажет. Ол қаражат соңына дейін сақталып, жалға беру мерзімі аяқталған тұста қайтарылады. Егер қаржылық жағдайыңыз көтерсе, алдын-ала төлем жасауыңызға болады. Қалауыңыз бойынша, үй құнының 10-50 пайызын төлей аласыз. Солай жасаған жағдайда жалға алу төлемінің соммасы азаяды. Тұрғын үйді сақтандыру компания қаржысының есебінен жүргізіледі. Енді бағасын шығарып көрейік: аумағы 65 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтер бағасы 13 715 000 теңге тұрады. Егер сатып алатын жалдамалы үй ретінде болса, ай сайын бұл пәтерге 146 261 теңге төлеуіңіз керек. Жақсы жақтары Жалдамалы үйдің тағы бір тиімді тұсы - үш жылдан соң уақытынан бұрын сатып алу мүмкіндігі. Сонымен бірге, қаржылық ахуалыңызға байланысты көлемі үлкен не кішірек жалдамалы үйге ауысуға болады. Егер, табысыңыз жеткіліксіз болса, жаныңызға адам алу мүмкіндігі де қарастырылған. Бағасы, әрине қолжетімді деуге келмейді. Бірақ, "Ақ кент" тұрғын үй кешенінде жалға берілген үйлер бірден өтіп кеткен. Соған қарағанда, көпшіліктің таңдауы осы жалдамалы үйде. Және көпшілігі 1 бөлмелі пәтерлерді алған. Қалғандары тек 2 немесе 3 бөлмелері пәтерлер ғана екен."Самұрық-Қазына" қандай шарттар ұсынады?
Тұрғын үй қоры 2015 жылы жалпы саны 15 тұрмыстық құрылыс жобасын қолға алды. Олардың жалпы аумағы - 659 мың шаршы метрден асады. Бір бөлмелілері - 35 шаршы метр, екі бөлмелі - 45-50 шаршы метр, үш бөлмелі - 70-75 шаршы метрді құрайды. Бүгінде жылжымайтын мүлік қоры бойынша Ақтөбе, Тараз және Алматы облысында үш тұрғын үй нысаны қолдануға берілген. 2016 жылы Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Атырау және Алматы облысында жаңа нысандар салынады деп жоспарланып отыр. "Самұрық-Қазына" арқылы жеңілдігі барлар бір шаршы метріне 1110 теңгемен, қалған қатысушылар 1611,77 теңгемен жалға ала алады. Егер аумағы 34,2 шаршы метр болатын 1 бөлмелі үйді жалға алар болсаңыз, айына 55 122 теңге, 2 бөлмелі үйге (41,2 шаршы метр) - 67 533 теңге, 3 бөлмелі (60,7 шаршы метр) - 97 834 теңге төлеп тұрасыз. Үйді 5 жыл өткен соң барып сатып алуға болады. Бағы пен бабы қатар шапқандар үй алады Бүгінде үйді сатып не жалға алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Өтініштер қабылдау уақыты басталды деген сәттен бастап, лезде беріп тастауға асығыңыз. Электронды түрде беруге кеңес береміз. Ол үшін аудандық ХҚО арқылы рәсімделген электронды қолыңыз қажет болады. Өтініш қаралып, барлығы дұрыс болса, кезекке қосыласыз. Бұл жердегі шарт - ай сайынғы таза табысы 260 000 теңгеден кем болмауы тиіс. Үй болу қиын деп бекер айтылмаса керек. Ең дұрысы - ақшаны бекерге шашпай, жинау. Ертеңін ойлаған адам озады.Жадыра АҚҚАЙЫР "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024