Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 8 қаңтарындағы шешімімен KASE басқармасының төрағасы Біртанов Есжан Амантайұлының өкілеттілігі өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
"Е. Біртановтың жетекшілігімен KASE операциялық қызметін дамытуға және халықаралық қаржы институттармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар мақсаттар орындалды. Лондонның қор биржасы, Thomson Reuters және Oliver Wyman сынды ұйымдармен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойылды. 2015 жылы KASE БҰҰ-ның тұрақты биржаларға арналған бастамасының (UN SSE) серіктесі болды", - делінген баспасөз хабарламасында. Басқарма Төрағасының міндеттерін атқарушысы болып Хорошевская Наталья Юрьевна тағайындалды. Еске салайық, Есжан Біртанов аталған қызметке 2015 жыдың шілде айында үш жылға тағайындалған. Бұған дейін қор биржасының басшысы қызметін Мақсат Қабашев атқарып келген еді. Ол бұл қызметке 2014 жылдың 5 наурызында тағайындалған болатын. Фото: kn.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024