2015 жылғы қаңтар-қарашада экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының өзгеруі туралы ҚР статистика комитеті хабарлады.
2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 22,7%, импортталатындарға – 9,5%-ға төмендеді. Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдердің бағасы газ конденсатына – 38,2%, мұнайға – 36,9%, түсті және қара металл кеңдеріне – 32,1%, көмірге – 31,4%, қара металдар илегіне – 29,4%, табиғи газға – 27,7%, мырышқа – 18,4%, мысқа – 15,4%, қорғасынға – 13,7%, ферроқорытпаларға – 13,3%-ға төмендеді, алюминийге 5,9%-ға жоғарылады. Бағаның мақтаға – 15,3%, астыққа – 14,9%-ға төмендеуі, олардың жүнге – 33,4%-ға жоғарылауы тіркелді. Импорттық өнімдерден көкөністер - 12,4%, машинар мен жабдықтар 4%-ға арзандады, темекі – 35,1%, шарап – 7,8%, бояулар мен сырлар – 7,1%, өсімдік майы – 5%, балық – 3,8%, жемістер мен жаңғақтар – 2,5%-ға қымбаттады. Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индексі кеден статистикасы деректері мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректерін пайдалана отырып есептеледі. Іріктеп алынған өнім түрлері бойынша баға өзгерісі АҚШ долларымен берілген құнды олардың заттай көріністегі санына бөлу арқылы алынған «біркелкі құн» негізінде айқындалады. Агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы өткен жылғы сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі. Фото:omlog.comПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024