2015 жылы жалпы қолданыстағы 3,3 мың км автожол жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрімен қамтылды, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде ведомство басшысы Әсет Исекешев. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің сайты хабарлады.
«2015 жылы Астанадан барлық бағыттар бойынша тарайтын «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жан-жақты жүзеге асыру басталды. Дағдарысқа қарсы сипаттағы аталған жобалар аясында қосымша жұмыс орындары ашылады» - деген Ә.Исекешевтің сөздері ведомство хабарламасында келтірілген.
Министрдің айтуынша 2015 жылы жалпы қолданыстағы 3,3 мың км автожол жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрімен қамтылды. Барлық нысандарға 100 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Жыл қорытындысы бойынша жалпы қолданыстағы 3,5 км автожол жөнделді, оның ішінде 1,7 км республикалық маңыздағы жол.
Ә.Исекешев баса айтып өткендей, жаңа экономикалық модельді жүзеге асыру үшін Қазақстанның аймақтық көліктік-логистикалық хабқа айналуына бағытталған көлік саласын реформалау қолға алынды.
Сонымен бірге, сапалы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мен инфрақұрылымды дамытуды ескере отырып, оның көлемін арттыру үшін биыл теміржол саласына жеке инвестиция тартуға жағдай жасайтын ережелер заңнама арқылы бектіледі. Бұл жыл сайын 25 млрд теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік береді.
Министр еліміздің аймақтық көліктік-логистикалық хабқа айналуы үшін Қазақстанның батысы мен шығысында инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда Ақтау портын кеңейту аяқталады, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында «Құрғақ порт» іске қосылды. Құрық портында паромдық кешен құрылысы жалғасуда. Келешекте Құрық паромдық кешенін теміржол магистралімен жалғайтын жаңа Боржақты-Ерсай желісі бойынша негізгі жұмыстар аяқталды.
Фото:kapital.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024