Экономика
Выбор редактора
«Inalca Eurasia» компаниясы Қазақстанның ет өндірісіне 100 млн еуро инвестиция салады
Итальяндық Cremonini құрылымына кіретін Inalca Eurasia трансұлттық корпорациясы Қазақстан нарығына кіреді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Компания Қазақстанның ет өндірісіне 100 млн еуро инвестиция салады. Бөлінген қаржы республиканың үш облысында 44 мың ірі қараны бордақылауға арналған кәсіпорындардың құрылысына жұмсалады. Сондай-ақ Ақтөбе облысында ет өндіру қуаттыығы 20 мың тоннаны құрайтын ет комбинатын салу жоспарланған. «Inalca Eurasia» компаниясы қазақстандық ет брендін құруға және оны Еуропа мен Ресейге экспортты қамтамасыз етуге ниетті. Сондай-ақ, үш облыстың әкімдіктері мен «Inalca Eurasia» компаниясы біргіп аймақаралық ет өндіру кооперациясын құру және аймақатарда ет экспортын арттыру туралы жоспар құрды. Фото: kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024