2016 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 372,58 теңге болды. 15 қаңтардағы таңғы сессиямен салыстырғанда доллар 10 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды биржаның ресми сайты.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 366,35 теңгені құрады. Максималды курс — 375 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 374 теңге болды.
Таңғы сессияда сауда көлемі 81 млн 400 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 88.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Алматы қаласындағы ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 375 теңгеден сатылуда. Ал 18 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы - 360,90 теңге.