Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО және Гонконг еркін сауда аймағын құруы мүмкін

ЕАЭО және Гонконг еркін сауда аймағын құруы мүмкін

Ресей  Гонконг пен ЕАЭО елдері арасында еркін сауда аймағын құру туралы мәселені талқылауға дайын. Бұл туралы Ганконгта өткен Азиялық қаржы форумында РФ үкіметінің вице-премьері Аркадий Дворкович мәлімдеді, деп хабарлайды ресейлік БАҚ өкілдері.

«Біз аз ғана уақыт бұрын еркін сауда айналымы туралы Ветьнам мен Еуразиялық одақ арасында алғашқы келісімді жасадық. Қазір Израильмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселені Гонконгпен де талқылауға дайынбыз", - А. Дворкович форум кезінде.

Айта кетейік, Ресей үкіметі дағдарысқа қарамастан 2016 жылы экономика өсімін арттырмақ. Вице-премьердің сөзінше, резерв өсімі соңғы 10 жыл бойы жиналған. Сондай-ақ, рубльдің әлсіреуі Қытайға азық-түлік өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Азиялық қаржы форумы 2016 жылдың 18-19 қаңтарында Сянган (Қытай, Гонконг) әкімшілік ауданында өтіп жатыр. Форумда Азияныі әлемдік қаржы нарыңында алатын орны мен құрылық елдеріндегі дағдарыс жағдайы және қаржылық реформалар талқыланады.

Фото: intergid.ru

Похожие материалы