Банк ВТБ (Қазақстан) өз салымшылары арасында 10 000 000 теңгеден артық ақшаны ұтысқа салады. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылғы 18 қаңтардан бастап 30 сәуірді қоса алғанда «Ақша ақшаға» жаңа акциясының аясында банк 1 000 000 теңгеден 10 сыйлық және 30 000 теңгеден 153 жүлдені ұтысқа салады. Акцияға депозит ашқан және қолданыстағы салымын 30 000 теңгеге толықтырған банкітің кез-келген клиенті қатыса алады. Депозитті сақтау мерзімі 12 айдан кем болмауы тиіс. "Өткен жылдың жазында біз осыған ұқсас акция өткіздік, оның қорытындысы бойынша бүкіл Қазақстан бойынша банктің 300-ден астам клиенті 15 000 теңге мөлшерінде жүлделерге қол жеткізіп, бұдан өзге бесеуі миллионер болды. «Ақша ақшаға» атты өткен жолғы акция аяқталғаннан кейін біз клиенттерден көптеген жағымды пікірлер алдық, бұл акцияны қайтадан өткізуге түрткі болды, алайда осы жолы акция талаптары бұрынғыдан да қызығырақ! Банк жүлде қорын екі есе көбейтті! «Ақша ақшаға» делінетін акция атауының негізгі мәнісі мынадай: депозит ашыңыз және ақшалай жүлде ұтып алыңыз, өйткені қағида бойынша ақша ақшаны тартады.", - деді Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің директоры Динара Жакенова. «Ақша ақшаға» Акциясының аясында төрт ұтыс ойыны өтетін болады. Акция өткізілетін әр ай аяқталысымен 30 000 теңге мөлшерінде 51 жүлде ойнатылатын болады. Акция аяқталғаннан кейін арнайы комиссияның қатысуымен кездейсоқ сандар генераторының көмегімен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі 10 бас жүлде ұтысқа салынады. Акцияға Visa Instant Issue төлем карточкаларын ұстаушы болып келетін Банктің барлық клиенттері қатыса алады, бұл карталар депозит ашылғанда ақысыз беріледі. Акция туралы толық ақпаратты Банктің кез-келген бөлімшесінен немесе 5050 нөмірі арқылы ұялы телефоннан тегін қоңырау шалып білуге болады. Фото:nb.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024