"ҚазТрансОйл" АҚ-ы мен «ҚазТрансГаз» АҚ-ы біріктірілмейді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мәлімдеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на бұқаралық ақпарат құралдары мен акционерлерден келіп түскен ҚМГ компаниялар тобының екі еншілес кәсіпорны «ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазТрансГаз» АҚ-тың біріктірілу мүмкіндігі туралы сұрауларға байланысты ҚМГ мұндай біріктірудің экономикалық тұрғыдан орынсыз екенін ресми түрде мәлімдейді», делінген баспасөз хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі. «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.Фото: halyk-ipo.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024