2015 жылдың соңында ҚР Ұлттық қорының активтері 63,5 млрд долларды құрады. Жалпы халықаралық резервтер көлемі -28,1 млрд доллар. Бұл туралы ranking.kz жазды.
2015 жылдың желтоқсан айының соңында Ұлттық қордың активтері 63,5 млрд долларды құрады. Бір ай ішінде олардың көлемі 700 млн долларға қысқарып, бір жылда 9,7 млрд долларға азайды. 2015 жылғы Ұлттық қор активтерінің максималды қысқару көрсеткіші наурыз айында (2,7%) және қазан айында (6%) орын алды. Жалпы халықаралық резервтер 2015 жылы тұрақты деңгейін сақтады. Бір жыл ішінде 28,9-дан 28,1 млрд долларға қысқарған. Халықаралық резервтер құрылымындағы алтын активтері бір жыл ішінде 7,40 миллиардтан 7,58 млрд долларға артты. Сонымен қатар, еркін айырбасталатын валютадағы активтердің сомасы 20,96 миллиардтан 21,52 млрд долларға дейін төмендеді. Соңғы 5 жылда халықаралық резервтер құрылымындағы алтынның үлесі артты. 2010 жылы 11%- болса, 2015жылдың соңында 27%-ды құрады. Фото:Kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024