Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014-2015 жылдары «ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 15 шағын несие ұйымының (ШНҰ) жарғылық капиталындағы өз үлестерін сатты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз хабарламасының мәліметіне сәйкес, аталмыш шешім «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы» Үкімет қаулысын орындау мақсатында жүзеге асырылған. Бұл құжат бойынша өткен жылы қордың 7 шағын несие ұйымындағы үлесі сатылды: «АйыртауҚаржыСолтүстік» ШНҰ (СҚО), «Түлкібас-Агро» ШНҰ (ОҚО), «Шаруа-Қаржы» ШНҰ (Қарағанды обл.), «Теректа-Финанс» ШНҰ (БҚО), «Махамбет» ШНҰ (Атырау обл.), «Жаңатас-Несие» ШҚҰ (Алматинская), «Жігер-Есіл» ШНҰ ЖШС (СҚО).
"Қордың үәкілетті органы тағы үш шағын несие ұйымындағы қатысу үлестерін сату туралы шешім қабылдады. Қазір "МұзТауНесие" ШНҰ (ШҚО), «Ескелді» ШНҰ (Алматы обл.), «Энергия» ШНҰ (Алматы обл.) бойынша сауда-саттықтар өткізілуде", -делінген баспасөз хабарламасында.
2007-2008 жылдары ауыл тұрғындарының несиелік ресурстарға қолжетімділігін арттыру мақсатымен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қатысуымен 51 шағын несие ұйымынан жүйе құрылды. Аталған ШНҰ ауыл тұрғындарын қаржыландырып, Қазақстанның 100 ауданын қамтыды. Қазіргі таңда таңда олардың 29-ы сатылып, шағын несие нарығында дербес қызмет етуде.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. 2007 жылдан бастап «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ құрамына кіреді. Қордың миссиясы – ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауылды жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту арқылы халықтың хал-ауқатын арттыру.
Фото: i-petuhov.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024