ҚР Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты қызметінен кетті. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Ұ.Қарабалинді қызметінен босату туралы Қаулыға 2015 жылдың 19 қаңтарында қол қойды. Ұзақбай Қарабалин әріптестеріне бірлесіп жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, қазіргі таңда Министрліктің алдында нақты мақсаттар қойылғанын және қызметкерлердің артылған жауапкершіліктерін көтере біледі деген сенімде екендігін айтты. Қарабалин 2013 жылдың шілде айында Қазақстанның мұнай және газ министрі болып тағайындалған еді. Үкіметтің қайта ұйымдасқанынан соң 2014 жылдың тамызында энергетика бірінші вице-министрі қызметіне келген.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024