Жапония Иранға қарсы санкция тәртібін алып тастады. Бұл туралы баспасөз конференциясында министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.
17 қаңтар күні АҚШ пен Еуропалық одақ елдері Иран ядролық бағдарлама келісімін орындағаны үшін санкцияны шегерген болатын. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен еуропалық дипломатияның басшысы Федерика Могерини жариялаған.
Бұған дейін МАГАТЭ-нің баспасөз қызметі бас директор Юкио АманныңИран барлық ядролық бағдарламаны шектеу туралы міндеттерді толық орындағаны туралы мәлімдемесін жариялаған. "МАГАТЭ мен Иран арасындағы қарым қатынас жаңа деңгейге жетті. Осы нәтижеге жетуімізге көмекетскендардің барлығын құттықтаймын", - деген ол.
Айта кетейік, 2015 жылдың шілде айында әлемнің 6 елі (Ресей, АҚШ, ҚЫтай, Франция, Ұлыбритания және Германия) мен Иран ядролық бағдарлама туралы келісім жасаған. Иран ядролық қаруларды өндірмеуге және ядролық нысандарды тек әлемдік атом өндіру кезінде пайдалануға міндеттелген. Ал Батыс елдері өз кезегінде Иранға қарсы экономикалық санкцияларды шегеретін болған.Фото: ria.ru