Елуге толған әйелдер мен елу бес жастағы ер адамдар зейнетақы қорына жиған ақшаларын сақтандыру компанияларына аударып, табыс көре алады. Бұл туралы отандық актуарийлер бірлестігіне сілтеме жасап, "Астана" арнасы хабарлайды.
Алдымен зейнет жасына келген әйелдердің есепшотында 6 млн 200 мың, ал ер адамдарда 8 млн теңге болуы шарт. Мұндай сақтандыру аннуитетін сатып алғандарға өмір бойы төлем төленеді. Көлемі ең төменгі зейнетақыдан кем болмайды және инвестициялық табыстың 5 пайызы және жыл сайын 5 пайыздық инфляция айырмасы төленеді. "Сақтандыру компанияларында өмір бақи төленетін зейнетақы аннуитеттері сатылады. Мәселен, 50 жастағы әйелдер мен 55 жастағы еркектер жинақтағы ақшасы жеткілікті болса, зейнетақы қорынан сақтандыру компанияларына аудара алады. Әрі қарай кестеге сай ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем төленеді, оған қоса 5 пайыз индексация алады", - «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Ақжарқын Қынықова.
Фото: kapital.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024