Осыған дейін бірнеше жолаушылар картаның шотындағы ақша жоғалды деп шағым білдірген еді. Десе де, Көлік холдингінде мұндай жағдайды жоққа шығарып отыр деп жазады Kapital.kz.
"Карта балансында ақша жоқ болып кетті деген жолаушылар үшін түсіндіріп өтейік: олар алдыңғы мінгендерінде жол ақысы жеткіліксіз болған. Яғни, сол уақытта жол ақысын "несиеге" төлеген. Баланста 40теңге болса да, ақы алынған. Келесіде шотты толтырғанда сол ақша алынған», - деп түсіндірме білдірді холдингте. Егер, осындай жағдайда тап болсаңыз, 397-01-91 нөмірі бойынша қашан жол жүргеніңізді, қай маршрут екенін, сомасы туралы толық ақпаратты ала аласыз. «Кез келген жаңа нәрсеге бой үйрету керек. Халық картадағы ақшасын жоспарлап, реттеуді үйренген соң мұндай мәселелер туындамайтын болады. Онлайн-технологияларды алдау қиын. Сол себепті бұл жерде ақша ұрлануы мүмкін емес», - дейді баспасөз қызметінде.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024