Экономика
Экономика1
"ҚазТрансОйлдің" мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі 4,7%-ға азайды
2015 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ компаниялар тобының мұнай тасымалдау мен айдаудың шоғырландырылған көлемі 61 млн,001 мың тоннаны құрады. Бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,7%-ға аз, деп хабарлайды ҚТО баспасөз қызметі.
Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 45 млрд. 446 тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 1 млрд. 709 млн тоннаға артық, ал 2014 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1 млрд 241 тоннаға аз.
Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау мен айдаудың көлемі 47 млн 541 мың тоннаны құрады.
Сондай-ақ, жеке «ҚазТрансОйл» бойынша жүкайналымы 36 млрд 866 млн тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 1 млрд 474 млн тона км артық, ал 2014 жылдың көрсеткішінен 1 млрд 033 мың тонна км аз.
2015 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына 14 млн. 395 мың тонна мұнай жөнелтілді.
Атап айтқанда АМӨЗ-ге (Атырау мұнай өңдеу зауыты) 4 млн. 767 мың тонна (жоспарлы межеден 56 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 22 мың тоннаға азайды ), ПКОП-қа (Петроказахстан Ойл Продактс) – 4 млн. 449 мың тонна (жоспарлы межеден 14 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 341 мың тоннаға азайды), Битум зауытына 373 мың тонна (жоспарлы межеден 202 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 249 мың тоннаға азайды), ПМХЗ-ға (Павлодар мұнай-химия зауыты) – 4 млн. 805 мың тонна (жоспарлы межеден 26 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 56 мың тоннаға азайды) мұнай жөнелтілді.
Сонымен қатар, «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесімен мұнай тасымалдау көлемі 2015 жылдың 12 айында 15 млн. 702 мың тонна мұнай құрады, жоспарлы межеден 1 млн. 198 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 1 млн 061 мың тоннаға арта түсті.
«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу көлемі болмашы түрде 11 млн. 794 құрады (бұл жоспарлы межеден 371 тонна артық, ал 2014 жылдың ұқсас мерзім ішіндегі көрсеткіштен 30 мың тоннаға азайды).
«КазТрансОйл» қуаттарын пайдаланып, Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю көлемі 2 млн. 881 мың тонна құрады, бұл жоспарлы межеден 191 мың тоннаға артық, ал 2014 жылдың көрсеткішінен 2 млн 314 мың тоннаға азайды.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен ресейлік мұнай транзиті 2015 жылдың қорытындылары бойынша 6 млн. 969 мың тоннаны құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 186 мың тоннаға, ал жоспарлы межеден 62 мың тонна артық болып отыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань – Маңғыстау су ағызғысымен Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларына Еділ суын жеткізеді. 2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында су беру көлемі 24 млн. 998 мың текше метрді құрады және 2014 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 183 мың текше метрге, ал жоспарлы межемен салыстырғанда 1 млн. 809 мың текше метрге артты.
Фото: kursiv.kz