Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар білім несиелері бойынша мемлекетке 9 млрд теңге қарыз

Қазақстандықтар білім несиелері бойынша мемлекетке 9 млрд теңге қарыз

Қазақстанда 1999-2005 жылдар аралығында рәсімделген білім беру несиелері бойынша қарыз көлемі 9 млрд 148 млн теңгені құрап отыр. Бұл жөнінде Kapital.kz тілшісінің сұранысына "Қаржы орталығы" АҚ жауап берген.

Жоғарыдағы мерзім ішінде 58 мың түлекке жалпы сомасы 15 млрд 288 млн теңгеге несие берілген. Он жылдан астам уақыт өтсе де, мемлекеттік қазынаға қайтқан ақша - тек 6 млрд теңге ғана болып отыр. 2000 жылдардың басында мемлекеттік несие алу екінің біріне беріле бермейтін. Мемлекеттік тестілеу мен ҰБТ нәтижесінде аз ғана ұпайы жетпей қалғандар несиеге оқуға мүмкіндік алған болатын. 2005 жылы Президенттің тапсырмасымен бұл несие беру алынып тасталды. Ал, осыған дейін несие алғандар грантқа ауыстырылған. Студенттердің көпшілігі грантқа ауысуымен қарыздан құтылдым деп ойлаған болуы керек. Бірақ, бірнеше жылдан кейін жиналған қаражат туралы мәлімет студенттер мен олардың ата-аналарына жеткізілді. Несие 15 жылға берілген болатын. ЖОО бітіргеннен кейін жарты жылдан соң қарызды жыл сайын кем дегенде екі рет төлем жасау арқылы жабу керек еді. Мерзімі өтіп кеткені үшін арнайы бекітілген жоқ. Іс сотқа барған жағдайда ғана бекітіледі. Ал, соттың қаралымына істі беру тек 15 жыл мерзім өткен соң мүмкін. Қарыз алғандардың басым көпшлігі Алматы қаласына тиесілі. Себебі, осы қалада ЖОО саны көбірек.

Похожие материалы