Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Кездесу барысында А.Есімов ұлттық компания көрмені өткізу шығыстарын нысандар функционалын сақтай отырып, тағы 53 миллиард теңгеге қысқартқанын мәлімдеді. Осылайша, бұрын жасалған қысқартуларды ескергенде, шығыстарды оңтайландыру көлемі жалпы 131 миллиард теңге болады. Бұған дейін топ-менеджерлер саны 15-тен 6-ға қысқарған болса, қазіргі кезеңде штат кестесін 12 пайызға оңтайландыру жоспарланған. «Астана ЭКСПО-2017» басқармасының төрағасы көрме нысандарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету ісіне 230-дан аса қазақстандық кәсіпорын тартылып, жалпы құны 77 миллиард теңгенің қызметі мен тауарын жеткізу жөнінде шарттар жасалғанына назар аударды. Соның 30 миллиард теңгесі Астанада жұмыс істейтін компанияларға тиесілі. Осылайша, ЭКСПО дағдарыс уақытында жаңа жұмыс орындарын ашып, қазіргі жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік жобалардың бірі болып отыр. А.Есімовтің айтуынша, бүгінге дейін 70 шет мемлекет көрмеге қатысатынын растаған, соның 35-і – дамыған елдер. Көрмеге ірі трансұлттық компаниялар да қызығушылық танытуда. Жалпы, Тіркеу досьесі бойынша жоспарланған 100 елдің қатысу көрсеткішіне қол жеткізіледі деп болжанып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024