Британиялық қаржылай реттеуіштер наурыздың соңына дейін банк басшыларының қаржы компанияларындағы түрлі құқық бұзушылықтары үшін жеке жауапкершілігін арттыратын ережелерді жарияламақшы. Ал сарапшылар мұндай шара банкирлердің жаңа тәуекелдің өтемақысы үшін жалақыларын көбейтуді талап етуге әкеліп соқтырады деп есептейді.
Жергілікті басылымдардың жазуынша, қаржы нарығындағы қағидалардың сақталуына қадағалайтын Басқарма оларды жеке жауапкершілікке тарта алу үшін, банк басшыларының міндеттерін толығымен сипаттауды талап етеді.
Сондай-ақ, британдық қаржы компаниялары үлкен тәуекелге барып, банкротқа ұшыраса, қаржы қызметкерлері жаңа ереже бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оларды 7 жылға дейін түрмеге қамауы мүмкін.
Жаңа өзгерістер директорлар кеңесінің мүшелері мен атқарушы комитеттің қызметкерлеріне де қатысты. Europe Economics консалтингтік компанияның бағалауы бойынша, 160-қа жуық қаржы компаниялары ережелердің ықпалында болады.
Ұлыбританиядағы банкирлер Ассоциациясының атқарушы директоры Саймон Хиллстың сөзінше, қатаң тәртіптер қаржыгерлердің тек қана көшбасшылардың позициясында жүруді деген ниеттеріне кедергі келтірмейді. "Жалақы алуға, құқықтық қорғануға деген талап күшеюі мүмкін, бірақ негізгі түрде барлығы өзгеріссіз қалады", -деді ол.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024