Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына 43 млрд теңге бөлінеді

Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына 43 млрд теңге бөлінеді

Мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 43 млрд теңге бөлінеді. Бұл жөнінде инвестициялар және даму бойынша вице-министр Рақым Ошақбаев мәлімдеді деп хабарлайды BNews.kz.

«Бюджетте мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына 43 млрд теңге қарастырылып отыр. Оның 60 пайызы - "Даму" қорының несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған қаражаттары», — деді Рақым Ошақбаев. Ақпараттық технологиялар паркін дамытуға ағымдағы жылы 4 млрд теңге бөлінген. Ошақбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ бар. «2003 жылдан бастап біз арнайы экономикалық аймақтарға 265 млрд теңге бөлдік. Оларды жұмыс істету үшін ескі сметалар бойынша инфрақұрылымға 297,5 млн теңге салуымыз керек. Осы жылы 4 млрд теңге бөлінді. 2003-2014 жылдар аралығында 182 қатысушы қостық. 1 қатысушыны қосудың өзі 1,5 млрд теңгені, 1 жұмыс орны шамамен 30 млн теңгені құрады. Ол компаниялар 2014 жылы 8,3 млрд теңгеге салық түсімдерін қамтамасыз етті», — дейді вице-министр.

Похожие материалы