Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың соңында мұнай бағасы 50-60 долларға көтерілуі мүмкін

2016 жылдың соңында мұнай бағасы 50-60 долларға көтерілуі мүмкін
2016 жылдың соңына қарай  мұнай бағасы  50-60 долларға  дейін  көтерілуі мүмкін дейді Қазақ мұнай және газ институты бас директорының орынбасары Ақбар Тұқаев. Бұл туралы ол қазақстандық, әзірбайжандық және ресейлік сарапшылар қатысқан телекөпір кезінде айтты. Оның сөзінше мұнай нарығы үшін жағымсыз уақыт  қаңтар және мамыр айлары болады.  "Себебі, мамыр айында әлемнің  мұнай өңдеу зауыттарында маусымдық техникалық қызмет көрсету жұмыстары жиі жасалады. Егер мамырда баға бірқалыпты болса, онда жылдың екінші жартысында мұнай бағасы өсе бастайды. 2016 жылдың соңына қарай мұнай бағасы 50-60 доллар болуы мүмкін",- дейді ол. Ресейдің Ұлттық Энергетикалық қауіпсіздік қорының бас директоры Константин Симоновтың сөзінше, мұнай бағасына  доллар курсының өсуі әсер етеді. "Бұл жылы мұнай бағасы 50 долларға қайта келуі мүмкін, бірақ  мұнай бағасы әлі де құбылмалы болады деп есептеймін",- дейді ол. Осыған дейін сарапшылар қазіргі мұнай бағасы дұрыс бағаланбаған, барреліне 45 долларға дейін өсуі мүмкін деп хабарлаған еді.

Похожие материалы