Экономика
Қытай кәсіпкерлері Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына қызығушылық танытуда
Қытай елшісі Қазақстан аумағындағы инвестицияларға қытай кәсіпорындарының үлкен қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде informburo.kz хабарлайды.
"Бүгінде көптеген кәсіпорындар Қазақстандағы жекешелендіру туралы ақпарат сұрайды. Екеуара тиімді жағдайларда қытайлық кәсіпкерлер Қазақстандағы жекешелендіруге, экономикаға, құрылысқа белсенді араласады деп ойлаймын", - деді Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй. Десе де, елші нақты қай компаниялардың приватизацияға қатысуға ниетті екенін атамады.
"Әзірге қанша компания екенін және атауларын айта алмаймын. Жекешелендіруге ниетті кәсіпкерлер саны өте көп. Олар Қазақстандағы приватизацияның мазмұны жайлы көп сұрайды. Кәсіпкерлер жобаларды, сіздердің саясатыңызды, заңнамаларыңызды толықтай меңгеріп алуы керек", - дейді ол.
ҚР Президенті Назарбаевтың халқына жолдауы кезінде 7 мыңнан астам кәсіпорынды жою керек деген еді. Олардың барлығы сатылымға шығарылады.
"Қазір мемлекеттік сектордағы нысандарды жекешелендірудегі шектеулерді алып тастау керек. Мемлекеттік мүлік туралы заңды, Азаматтық кодексті қайта қарап шығу тиіс. Жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандар тізімін қысқарту қажет. Үкіметке жекешелендірудің жаңа бағдарламасын жасауды тапсырамын" - деген еді елбасы.
Осыдан біршама уақыт өткен соң Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жекеге өтетін кәсіпорындардың тізімі 2015 жылдың соңына қарай жарияланатын болады деген еді. Бұл тізімге 200-ден аса компания енген. Бірақ, нақты қай компаниялар екені аталмады. Әйтсе де, тізім қабылданған соң жария болады деп уәде берді министр.
2016 жылдың қаңтар айында Қазақстан Үкіметі жекешелендірілетін 783 кәсіпорынның тізімін жария етті. Бұрын "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек", "ҚазАгро" холдингтерінің қол астында болған компаниялар да тізімде бар.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024