Қазақстанның ұлттық валютасының бағамы долларға қатысты екі жылда 54,7%-ға түсіп, 2,2 есеге төмендеген. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің арасында осындай құлдырау тек Ресейде болған. Бұл туралы LS жазды.
2015 жылдың соңында теңгеге қатысты доллар бағамы 339,47 теңгені құрады. 2013 жылы бағам 153,6 теңге болған еді.
Ал, өз кезегінде Ресей рублі екі жылда долларға қатысты 55,1%-ға құлдырап, бір доллардың курсы 32,73 рубльден 72,88 рубльге жетті.
Соныммен қатар, есепті кезеңде АҚШ долларына қатысты белорус рублінің бағамы шамамен 49% -ға төмендеді. Ал қырғыз сомы екі жылда долларға қатысты 35%-ға құлдырап, бір доллардың курсы 49,25 сомнан 75,84 сомға жетті. ЕАЭО елдерінің арасындағы ең аз құлдыраған валюта - армиян драмы. Ол 16%-ға түсіп, бір доллардың курсы 405,64 драмнан 483,75 драмға өскен.
Фото: kazgazeta.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024