Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көлсай көлі, Шарын каньоны және Бурабай жалға берілетін болды

Көлсай көлі, Шарын каньоны және Бурабай жалға берілетін болды

Қазақстандағы ұлттық парктер жалға  берілетін болды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап 50-ге жуық топтама тендерге қойылады. Оның ішінде Көлсай көлдері, Шарын каньоны, Түрген және Талғар шатқалы мен Бурабай сияқты әйгілі демалыс орындары бар. Бұларды кез келген кәсіпкер 49 жыл мерзімге жалға ала алады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Табиғаты ерекше аймақтарды жалға алатын кәсіпкерге қойылатын талап - ол ең алдымен инфрақұрылымға мән беріп, туристік бизнесті дамытуға қабілетті болу керек.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Өстеміровтың айтуынша, Ұлттық парктердің аумақтарын жекеменшікке беру туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын Қазақстандағы ұлттық парктерге 1 млн-нан астам адам келіп кетеді. Ал "табиғи орындарда барлық жағдай жасалса, туристердің саны бұдан да көп болады" - дейді министрлік өкілдері. Дегенмен халық демалу үшін қанша қаржы жұмсайтыны табиғи нысандар жекеменшікке өткен соң толық белгілі болмақ.

Похожие материалы