Standard & Poor's: 2016 жылы Қазақстанда проблемалық несие үлесі 12-14% өседі
Теңге құлдырауының әсерінен 2016 жылдың соңына қарай Қазақстанның банктік жүйелерінде проблемалы несие үлесі 12-14%-ға өседі. Мұндай болжамды Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі жасап отыр.
"ҚР Ұлттық банкінің әдістемесі арқылы есептеуіміз бойынша, жыл соңына қарай елдегі банк жүйелерінде проблемалы несиелердің үлесі 2015 жылғы 9,5% есеппен салыстырғанда 12-14%-ға артады", - делінген агенттік есебінде.
S&P болжамына сәйкес, банктердің несиелік сапасы біраз төмендейді. Осыдан соң иниститутар 2016 жылы қайтадан қосымша резерв құруға мәжбүр болады. Валюталық несие көлемі 15-65% деңгейіне жетеді. Сондай-ақ, банк жүйесіндегі қорландыру мен өтімділік қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
"ҚР Ұлттық банкінің рөлі нарыққа өтімділікті ұсынуда өте маңызды болады. Ал қазақстандық банктер үшін мемлекеттік ұйымдардың қаржыларын депозит арқылы орналастыру қорландырудың басты көзі болып қала береді", - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.
Фото: luxembourgforbusiness.lu
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024